Құжат мәтініне өту

Об официальном толковании пункта 4 статьи 52, пункта 5 статьи 71, пункта 2 статьи 79, пункта 3 статьи 83 и пункта 2 статьи 15 Конституции Республики Казахстан

Қаулы · № 10 · қабылданған 30.01.2003
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-52-5-71-2-79-3-83-2-15/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об официальном толковании пункта 4 статьи 52, пункта 5 статьи 71, пункта 2 статьи 79, пункта 3 статьи 83 и пункта 2 статьи 15 Конституции Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 10 ·30.01.2003
16.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об официальном толковании пункта 4 статьи 52, пункта 5 статьи 71, пункта 2 статьи 79, пункта 3 статьи 83 и пункта 2 статьи 15 Конституции Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 10 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об официальном толковании пункта 4 статьи 52, пункта 5 статьи 71, пункта 2 статьи 79, пункта 3 статьи 83 и пункта 2 статьи 15 Конституции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
30.01.2003
Көрсетілген редакция
16.11.2022 14360_607541.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
S030000010_
ЭКБ идентификаторы
14360
Редакция идентификаторы
14360_607541
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:30

0 Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтініш субъектісінің өкілі - республика Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ә.Әбдірахмановтың,
республика Парламенті Мәжілісінің депутаттары Е.Ә.Әбілқасымовтың, В.Я.Земляновтың және В.Н.Котовичтің,
республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйішевтің,
республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесі В.К.Фосовтың,
республика Әділет вице-министрі Р.Ш.Шамсутдиновтің,
сарапшылар: республика ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш.Борчашвилидің және Қаржы полициясы академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ч.Қоғамовтың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә.Әбішевті, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне республика Парламентінің бір топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініш жасады. Өтініш субъектісі Конституцияның осы аталған баптарының нормаларын мынадай мәселелер тұрғысынан түсіндіруді сұрайды:

1 1) Конституция нормаларында жазылған "ауыр қылмыстар" деген сөздерді тиісті кезде қолданыста болған Қылмыстық кодекстегі қылмыстың анағұрлым ауыр санаты ретінде түсіну керек пе;

2 2) Конституцияның 15-бабының 2-тармағында жазылған "аса ауыр қылмыстар" деген ұғымды ауыр қылмыстар ішіндегі жасалғаны үшін қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес айрықша ауыр өлім жазасы тағайындалу мүмкін қылмыстар тобы ретінде түсіну керек пе;

3 3) Конституцияның аталған нормалары қол сұғылмаушылығы Конституцияда баянды етілген, бұрын қылмыстық жауапқа тартылған және ауыр қылмыс жасады деген айыптау бойынша тұтқынға алынған адам әрекетінің саралануы өзгерген жағдайда тиісті органдардың міндетті түрде келісім беруін көздей ме.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын өтініште қойылған сұрақтарға қатысты ресми түсіндірген кезде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді:

1

1. Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы 5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының және 83-бабы 3-тармағының нормалары, ауыр қылмыс жасалған ретте тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға тиісті мемлекеттік органдардың келісімін алу қажет емес деп белгілейді.
"Ауыр қылмыс" санатының атап өтілуін қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін белгілеу деп түсіну керек, бұл, егер тұлға ауыр қылмысқа қарағанда жеңілдеу қылмыс жасаған жағдайда, тиісті органдардың келісімі болуы міндетті екенін, және, керісінше, ауыр қылмыс және ең қауіптісі - ерекше ауыр қылмыс жасаған кездердің бәрінде келісімнің қажет еместігін білдіреді.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

2 2. Конституцияның 15-бабы 2-тармағын түсіндірген кезде оның мағынасын және бұл норманың Конституция құрылымындағы мәтінін ескерген жөн.

Конституцияның "Адам және азамат" деген II бөлімінде орналасқан 15-баптың 2-тармағында, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

3

3. Қол сұғылмаушылығы Конституциямен баянды етілген, тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бұдан бұрын оған қатысты сұралмаған тұлғаның әрекеті ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстан ауырлығы жеңілдеу қылмысқа қарай сараланып өзгерген кезде, тұтқынға алынатын және қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жағдайда, Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы 5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының және 83-бабы 3-тармағының талаптарына орай қол сұғылмаушылықтан айыру тәртібі туралы ережелерді сақтау міндетті деп санау керек.
Конституциялық Кеңес, тұтқынға алудың тәртібі, "қылмыстық жауапқа тартудың" мазмұны және соларға байланысты мәселелерді регламенттеу, заңмен реттеу нысаны деп есептейді.
Баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-бабын , 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33 және 37-бабын , 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

1 1. Алып тасталды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

2 2. Алып тасталды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

3

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағында, 71-бабы 5-тармағында, 79-бабы 2-тармағында және 83-бабы 3-тармағында белгіленген қол сұғылмаушылықтан айыру тәртібі, тұлға әрекетінің саралануы өзгерген жағдайда да оның сақталуын көздейді, оны тұтқынға алу және қылмыстық жауапқа тарту кезінде бұл аталған конституциялық талаптарды сақтау қажет болады.
52-баптың 4-тармағы, 71-баптың 5-тармағы, 79-баптың 2-тармағы және 83-баптың 3-тармағы нормаларының мағынасынан, тұтқынға алудың тәртібін және "қылмыстық жауапқа тартудың" мазмұнын айқындау заңмен реттеу нысанына жатқызылғаны келіп шығады.

4

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады.

5 5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Қолданыстағы