Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Караозек» КС-4 и определения режима использования земель в них
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Караозек» КС-4 и определения режима использования земель в них
- Атауы (қаз.)
- «Қараөзек» КС-4 компрессор стансасының күзетаймағы шекарасын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1020
- Қабылданған күні
- 22.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2018 118618_289433.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18L0006162
- ЭКБ идентификаторы
- 118618
- Редакция идентификаторы
- 118618_289433
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:03
0 «Қараөзек» КС-4 компрессор
стансасының күзетаймағы
шекарасын белгілеу және
олардағы жерді пайдалану
режимін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабы 4-тармағына, «Магистральдық құбыртуралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабы2-тармағының 6) тармақшасына, осы баптың 5-тармағына сәйкесҚызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қараөзек» КС-4компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы осы қаулының1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қараөзек» КС-4компрессор стансасыныңкүзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Сырдария ауданының әкімдігіосы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы «22» қаңтардағы № 1020 қаулысына
1-қосымша
«Қараөзек» КС-4 компрессор стансасының күзет
аймағы шекарасының экспликациясы
№
Аудан атауы
«Қараөзек» КС-4компрессор стансасының
күзет аймағы шекарасының көлемі, гектар
Оның ішінде:
жайылымы
басқа алқаптары
1
2
3
4
5
1
Сырдария ауданы
27,60
21,36
6,24
7 Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы «22» қаңтардағы № 1020 қаулысына
2-қосымша
«Қараөзек» КС-4 компрессор стансасының
күзет аймағындағыжерді пайдалану режимі
№
Күзет аймағының атауы
Күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
1
2
3
1
«Қараөзек» КС-4 компрессор стансасының күзет аймағы
«Қараөзек» КС-4компрессор стансасының күзет аймағында:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
1
2
3
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
КС – компрессорлық стансасы.