Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Крестовка в 4-х км северо-западнее села Орловка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 389 · қабылданған 26.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-ekb-127625/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Крестовка в 4-х км северо-западнее села Орловка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 389 ·26.12.2018
26.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Крестовка в 4-х км северо-западнее села Орловка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 389 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Крестовка в 4-х км северо-западнее села Орловка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Орловка ауылынан 4 км солтүстік-батыстағы Крестовка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
389
Қабылданған күні
26.12.2018
Көрсетілген редакция
26.12.2018 127625_381911.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18V0005722
ЭКБ идентификаторы
127625
Редакция идентификаторы
127625_381911
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:43

0 Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Орловка ауылынан 4 км солтүстік-батыстағы Крестовка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Орловка ауылынан 4 км солтүстік-батыстағы Крестовка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Орловка ауылынан 4 км солтүстік-батыстағы Крестовка өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2018 жылғы «26» желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2018 жылғы «26» желтоқсан

12 Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Орловка ауылынан 4 км солтүстік-батыстағы Крестовка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2018 жылғы «26» желтоқсандағы
№ 389 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Орловка ауылынан 4 км солтүстік-батыстағы Крестовка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
К.А. Байкубиновқа бөлінетін жер учаскесі шекарасындағы Крестовка өзенінің оң жағалауы
1,1
23,36
500,0
0,43
2,24
55,0
К.А. Байкубиновқа бөлінетін жер учаскесі шекарасындағы Крестовка өзені оң ағынындағы Безымянный бұлағының сол жағалауы.
0,32
1,65
55,0
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы