Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения (стандарт) аудита 4 "Документация"

Бұйрық · № 103 · қабылданған 18.06.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-ekb-1471/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения (стандарт) аудита 4 "Документация" Күшін жойған Бұйрық ·№ 103 ·18.06.1998
15.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения (стандарт) аудита 4 "Документация"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 103 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения (стандарт) аудита 4 "Документация"
Атауы (қаз.)
4 аудит Ережелері (стандарт) "Құжаттама"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
18.06.1998
Көрсетілген редакция
15.04.2008 AI1471_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V980000573_
ЭКБ идентификаторы
1471
Редакция идентификаторы
AI1471_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:40

0 4 аудит Ережелері (стандарт) "Құжаттама"

Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

26

27

28 Кіріспе

1 1. Осы Ережелер (стандарт) қаржылық есепке жүргізілетін аудит турасындағы құжаттама тарапына басшылық жасауды қамтамасыз етеді.

2 2. Аудитор аудиторлық пікір білдіруге негіз болатын аудиторлық дәйектерді қамтамасыз ететін, сонымен қатар аудиттің аудит жөніндегі Ережелерге (стандарт) сай өткізілгенін бекітетін маңызды мағлұматтар мен фактілерді тиісті дәрежедегі құжаттама формасында тузеуге міндетті.

3

3. Құжаттама ұғымына аудитордың өзі даярлаған құжаттармен қатар аудиторға арналып әзірленген және аудитке байланысты аудитордың қолында сақталатын құжаттар да кіреді. Жұмыстық құжаттар жазба түрінде қағазда, таспаларда, сондай-ақ компьютерлік құрал-жабдықтарда бекітілген мағлұматтар түрінде болуы мүмкін.

4 4. Жұмыстық құжаттар:

1 1) аудитті жоспарлауға және өткізуге көмек жасайды;

2 2) аудиторлық жұмысты бақылау және талдау кезінде көмек жасайды;

3 Жұмысқа құжаттардың түрі мен мазмұны

3) аудитор жұмысының қорытындысы кезінде аудиторлық пікір білдіруге негіз болатын аудиторлық дәйектерді мағыналайды.
Жұмысқа құжаттардың түрі мен мазмұны

5 5. Аудитор аудитті неғұрлым толық түсінуді жан-жақты және егжей-тегжейлі қамтамасыз ететін дәрежедегі жұмыстық құжаттар жүргізуі тиіс.

6

6. Аудитор жұмыстық құжаттарда атқарылатын аудиторлық әрекеттің сипаты, жоспары, көлемі, мерзімі және қорытындылары турасында, сонымен қатар алынған аудиторлық дәйектердің негізінде жасалған қорытындылар туралы жазбалар жүргізеді. Жұмыстық құжаттарда аудитордың өз пікірін білдіріп қорытынды жасауға тиісті деп табылған бүкіл елеулі мәселелерге деген көзқарасы мазмұндалады. Аса күрделі принциптік мәселелерді немесе пікірлерді қарау барысында жұмыстық құжаттарда аудиторға аудиттік қорытынды жасау жолында белгілі болған іске қатысты фактілер тіркелуі тиіс.

7

7. Аудитор тарапынан қаралатын әр мәселені құжаттап отырудың тәжірибелік қажеттілігі жоқтығына байланысты жұмыстық құжаттар көлемі аудитордың кәсіби дәрежеде пікір қорытындылауына негіз болатын мәселе ретінде саналады. Дей тұрғанмен жұмыстық құжаттар көлеміне баға берерде аудит жүргізуден алдын-ала тәжірибесі жоқ басқа бір аудиторге атқарылған жұмыс турасында, кесімді шешім қабылдау себептері жөнінде, бірақ аудиттің егжей-тегжейін қамтымайтын дәрежеде қорытынды жасау мүмкіндігін беруді қарастырған жөн болады. Мұндай басқа аудитор аудиттің егжей-тегжейі жайындағы мағлұматтарды жұмыстық құжаттарды әзірлеген аудиторлармен талқылағаннан кейін ғана ала алады.

8 8. Жұмыстық құжаттардың түрі мен мазмұны төмендегідей факторларға тәуелді болады:

1 1) міндеттемелердің сипаты;

2 2) аудитор есебінің формасы;

3 3) қажеткер тірлігінің сипаты мен күрделілігі;

4 4) субъекті бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесінің қалыбы мен сипаты;

5 5) белгілі бір жағдайларда аудитордың көмекшілері тарапынан атқарылатын жұмыстарға басшылық ету, бақылау жасау және оларды тексеру қажеттілігі;

6 6) аудит жүргізу барысында аудитор тарапынан арнайы өзгешеліктерге ие әдістемелер мен технологияның пайдаланылуы.

9

9. Жұмыстық құжаттар әрбір жеке аудитке тиісті аудиторлық талаптар мен белгілі бір жағдайларға жауап беретін дәрежеде құрастырылып жүйеленеді. Стандарттар негізіндегі жұмыстық құжаттарды (мәселен, бланктер, хат үлгілері) пайдалану оларды тексеріске әзірлеу тиімділігін арттыра түседі, әрі тапсырмалардың мақсатты түрде бағдарлануын жеңілдетеді және сонымен бір мезгілде атқарылу сапасына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

10 10. Аудит тиімділігін арттыру мақсатында аудитор субъект тарапынан әзірленген сандық ақпараттарды, талдау бағытындағы немесе басқа құжаттамаларды пайдалана алады. Мұндай жағдайларда аудитор осындай материалдардың тиісті дәрежеде әзірленгеніне көз жеткізуге тиісті.

11 11. Жұмыстық құжаттарда мыналар қамтылады:

1 1) субъекттің құқықтық және ұйымдық құрылымына қатысты ақпарат;

2 2) маңызды деп танылған заңды құжаттардың, келісімдер мен хаттамалардың көшірмелері немесе солардан алынған үзінділер;

3 3) субъекттің іс-әрекетінің айналасындағы өнеркәсіптік, экономикалық және құқықтық салалар бойынша ақпарат;

4 4) жоспарлау, оның ішінде аудит бағдарламасы жөніндегі құжаттама және соларға байланысты кез-келген өзгерістер;

5 5) аудитор тарапынан бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін танып-түсіну дәйегі;

6 6) міндетті дәрежедегі тәуекел мен ішкі бақылау жөніндегі тәуекелге баға беру және осы баға берулерді кез-келген түрде қайта қарау турасындағы құжаттама;

7 7) ішкі аудиторлардың жұмысын және олар жасаған қорытындыны аудитордың қарап шыққаны жайындағы дәйек;

8 8) шоттардың сальдосы мен іс-әрекеттерге жасалған талдау;

9 9) маңызды коэффициенттер мен ағымдар жайындағы талдаулар;

10 10) атқарылған аудиторлық әрекеттердің сипаты, мерзімі, көлемі және қорытындылары турасындағы жазбалар;

11 11) көмекшілер тарапынан атқарылған жұмыстардың бақылаудан және талдаудан өткені жайындағы мағлұмат;

12 12) аудитке қатыстырылған адамдардың олардың атқарған аудиторлық іс-әрекеттері мен орындау мерзімі көрсетілген тізімі;

13 13) қаржылық іс-әрекетіне басқа аудитор тарапынан аудит жүргізілген бөлімшелерде атқарылған жұмыстардың егжей-тегжейі;

14 14) басқа аудиторлармен, маман-эксперттермен және үшінші біреулермен жүргізілген іскерлік хаттардың көшірмелері;

15 15) аудитке қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде аудит жүргізудің шарттары мен ішкі бақылау жүйесіндегі елеулі кемшіліктер турасындағы мағлұматтар жөнінде субъектке келіп түскен немесе осы мәселелердің талқылануын баяндайтын жазбалар мен хаттардың көшірмелері;

16 16) субъект тарапынан алынған мәлімет-хаттар;

17 17) аудитор тарапынан аудиттің маңызды аспекттері бойынша жасалған қорытындылар, оның ішінде аудиторлық әрекет барысында ашылған ықтимал ерекше мәселелердің шешілуі немесе түсіндірілуі;

18 18) қаржылық есеп пен аудиторлық қорытындының көшірмесі.

12 Жұмыстық құжаттардың құпиялылығы, оларды сақтау қауіпсіздігі, сақтау мерзімдері және жұмыстық құжаттарға ие болу құқығы

12. Аудит одан әрі жүргізілетін болғанда жұмыстық құжаттар тұрақты мәндегі жаңа ақпаратпен толықтырылып отыратын тұрақты аудиторлық файлға және жеке мерзімдік аудитке қатысты ақпаратпен толықтырылатын ағымдағы файлға (папка) бөлінуі мүмкін.
Жұмыстық құжаттардың құпиялылығы, оларды сақтау қауіпсіздігі, сақтау мерзімдері және жұмыстық құжаттарға ие болу құқығы

13 13. Аудитор жұмыстық құжаттардың құпиялылығын, оларды сақтау қауіпсіздігін, сондай-ақ жазбаларды сақтаудың тәжірибелік, заң жүзіндегі

және кәсіби талаптарға сай қажетті мерзімге дейін сақталуын қамтамасыз ететін шараларды қолдануға міндетті.

14 14. Жұмыстық құжаттар аудитордың меншігі болып табылады. Аудитордың ұйғаруы бойынша жұмыстық құжаттардың кейбір тараулары немесе үзінділері субъект тарапына берілуіне қарамастан, олар бухгалтерлік жазбаларды алмастыруға жарамайды.

Қолданыстағы