Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Каргалинского района в связи с 40-й годовщиной ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Каргалинского района в связи с 40-й годовщиной ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданының кейбір әлеуметтік жағынан мұқтаж санаттағы азаматтарына Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюдың 40-жылдығына байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 448
- Қабылданған күні
- 21.04.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.05.2026
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2026 I224565_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26CF00448M
- ЭКБ идентификаторы
- 224565
- Редакция идентификаторы
- I224565_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.08.2026 02:16
0 Қарғалы ауданының кейбір әлеуметтік жағынан мұқтаж санаттағы азаматтарына Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюдың 40-жылдығына байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 06.08.2026 № 493 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Ардагерлер туралы» Заңының 6, 8 баптарына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюдың 40-жылдығына байланысты (2026 жылғы 26 сәуір) келесі санаттағы азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету:
1) 1986–1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттарға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан тұлғалар;
2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған тұлғалар және олардың мүгедектігі ата-анасының радиациялық сәулеленуіне байланысты генетикалық түрде туындаған балалар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары және басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттар салдарынан қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
4) сәулелік аурудан қаза болған немесе мүгедектігі бар тұлғалардың отбасылары, сондай-ақ олардың өлімі ресми түрде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттар және ядролық сынақтардың әсерімен байланысты деп танылған азаматтар;