Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Мартукского района в связи с 40 годовщиной ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции

Өзге акт · № 315 · қабылданған 05.05.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/40-ekb-225132/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Мартукского района в связи с 40 годовщиной ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции Күшін жойған 15.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Мартукского района в связи с 40 годовщиной ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции

Күшін жойған Өзге акт № 315 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Мартукского района в связи с 40 годовщиной ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции
Атауы (қаз.)
Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 жылдығына орай Мәртөк ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
315
Қабылданған күні
05.05.2026
Қолданысқа енгізілген күні
13.05.2026
Көрсетілген редакция
15.07.2026 225132_832032.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26CH00315M
ЭКБ идентификаторы
225132
Редакция идентификаторы
225132_832032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.08.2026 02:18
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 жылдығына орай Мәртөк ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 15.07.2026 № 338 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 33 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6, 8, 17 баптарына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 жылдығына (26 сәуір 2026 жыл) орай, Мәртөк ауданында тiркелген және тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

4) сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

5) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар.

2. Әлеуметтік көмек «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен алушылардан өтініштер талап етілмей «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының тізімдеріне сәйкес көрсетіледі.

3. Мәртөк ауданының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.

4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.