Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление ежегодного основного отпуска, независимо от выслуги лет, продолжительностью 40 суток

Қаулы · № 942 · қабылданған 17.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/40-ekb-66614/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление ежегодного основного отпуска, независимо от выслуги лет, продолжительностью 40 суток Күшін жойған Қаулы ·№ 942 ·17.07.2012
30.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление ежегодного основного отпуска, независимо от выслуги лет, продолжительностью 40 суток

Күшін жойған Қаулы ·№ 942 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление ежегодного основного отпуска, независимо от выслуги лет, продолжительностью 40 суток
Атауы (қаз.)
Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
942
Қабылданған күні
17.07.2012
Көрсетілген редакция
30.04.2016 AI66614_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000942
ЭКБ идентификаторы
66614
Редакция идентификаторы
AI66614_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:48

0 Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі*

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 шілдедегі
№ 942 қаулысымен
бекітілген
Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі*
Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында;
Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында;
Алматы облысында – Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Текелі қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Ақсу ауданында;
Атырау облысында – облыстың барлық аумағы;
Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Бородулиха, Глубоковское, Зырян, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында;
Жамбыл облысында – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында;
Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандарында, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Бөрілі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында;
Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет аудандарында, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск қалаларында;
Қостанай облысында – Арқалық қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Денисов, Қарабалық, Меңдіқара, Таранов, Ұзынкөл, Федоров аудандарында;
Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағы;
Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағы;
Павлодар облысында – Аққу, Май аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Железинка, Ертіс, Қашыр, Успенка, Шарбақты аудандарында;
Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Есіл ауданында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында;
Оңтүстік Қазақстан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандарында, Түркістан қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында.
* Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып есептеледі.

Қолданыстағы