О внесении изменения в решение 40 сессии Абайского районного маслихата № 40/437 от 25 декабря 2018 года «О предоставлении в 2019 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение 40 сессии Абайского районного маслихата № 40/437 от 25 декабря 2018 года «О предоставлении в 2019 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы 40 сессиясының № 40/437 «Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51/552
- Қабылданған күні
- 22.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2019 134511_419884.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KI005461
- ЭКБ идентификаторы
- 134511
- Редакция идентификаторы
- 134511_419884
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:44
0
Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы 40 сессиясының № 40/437 «Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1
1. Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы 40 сессиясының «Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы» № 40/437 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5127 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 14 қаңтарда және 2019 жылғы 12 қаңтардағы № 2-3 (4247) "Абай - Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы өтініш
берген уақытта жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.».