О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 4.05.2021 года № 4/30 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Бостан Каракиянского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 4.05.2021 года № 4/30 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Бостан Каракиянского района»
- Атауы (қаз.)
- Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/30 «Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11/112
- Қабылданған күні
- 27.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 163233_555078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MD026443
- ЭКБ идентификаторы
- 163233
- Редакция идентификаторы
- 163233_555078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:33
0 Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/30
«Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға
бөлу жобасы (схемасы), жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қарақия аудандық мәслихатының «Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4531 болып тіркелген) 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/30 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қарақия ауданының Боcтан ауылдық округінің жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), бағалау аумақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы»;
шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Боcтан ауылдық округінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.»;
шешімнің 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2 Боcтан ауылдық округі бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 11/112
Қарақия аудандық мәслихатының
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 4/30 шешіміне 2-қосымша
Боcтан ауылдық округі бойынша бағалау аймақтарының шекаралары
және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері
Аумақтардың №
Бағалау аумақтарының шекараларының сипаттамасы
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
І
Бірінші аймақ - селитебтік, бұл жерде жеке құрылыстар, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектеп, спорт мектебі, Мәдениет үйі, Байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана, мешіт, базар, шағын дүкендердің жеке желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған.
1,5
ІІ
Өнеркәсiп, көлiк және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер.
1,3
ІІІ
Босалқы аймақ.
1,0