О предоставлении товариществу с ограниченной ответственностью «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) сроком на 49 лет
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении товариществу с ограниченной ответственностью «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) сроком на 49 лет
- Атауы (қаз.)
- «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 13.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 13.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2026 228780_834698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26SCN0025B
- ЭКБ идентификаторы
- 228780
- Редакция идентификаторы
- 228780_834698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 15.08.2026 03:30
0 «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге
шектеулі нысаналы пайдалану құқығын
(жария сервитут) беру туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-баптың 4-тармағының 2) тармақшасына, 43-бабының 7-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшының міндетін атқарушы Д.Т. Сергазиннің 2026 жылғы 05 тамыздағы № 283 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде, Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің Сырымбет ауылында орналасқан «Саумалкөл» КС-дан «Сырымбет» КС-ға дейін 35 кВ әуе желісіне қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 0,0282 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) берілсін.
Жердің санаты: елді мекен жерлері.
2. «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі санитариялық-экологиялық нормалар, тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану нормаларының сақталуы жөніндегі мен нормаларды, уәкілетті органдарға жерасты және жер үсті коммуникацияларын салу және пайдалану үшін, аралас жер пайдаланушылардың бөгет жасамасын.
Жер учаскесі бөлінеді деп есептелсін.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық нұсқадағы көшірмесін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз ету;