Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) товариществу с ограниченной ответственностью «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» сроком на 49 лет
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) товариществу с ограниченной ответственностью «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» сроком на 49 лет
- Атауы (қаз.)
- Шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 15.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2026 I230016_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26SEJ0040B
- ЭКБ идентификаторы
- 230016
- Редакция идентификаторы
- I230016_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:30
0 Шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы алаңы 0,2 га жер учаскесіне әуе электр желісіне қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.