Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 1999 года N 930

Қаулы · № 1113 · қабылданған 10.10.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-1999-n-930/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 1999 года N 930 Күшін жойған Қаулы ·№ 1113 ·10.10.2002
24.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 1999 года N 930

Күшін жойған Қаулы ·№ 1113 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 1999 года N 930
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 930 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1113
Қабылданған күні
10.10.2002
Көрсетілген редакция
24.04.2008 AI13329_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001113_
ЭКБ идентификаторы
13329
Редакция идентификаторы
AI13329_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:47

0 Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 930 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.04.2008 N 387 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 шiлдедегі N 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеге:
11-тармақ 8) тармақшасындағы "жүргізу" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын бақылау";
12-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсi;";
17) тармақшадағы "республикалық мемлекеттiк органдардың" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын, "және иелiк ету" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға;";
7) тармақшадағы "мемлекеттiң қатысуымен ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен санациялауға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтаған экономиканың стратегиялық салаларындағы республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және жекешелендiрiлген ұйымдарды тиiмдi басқарудың мониторингiн жүргiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "органдардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сату басқармасы
Жекешелендiруден кейiнгi бақылау басқармасы
Мемлекеттiк меншiктi басқару әдiснамасы және оны жетiлдіру басқармасы
Мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөнiндегi басқарма
Республикалық мемлекеттiк заңды тұлғалармен жұмыс жөнiндегi басқарма
Заң басқармасы
Ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс басқармасы
Республикалық бюджеттiң кiрiсiне ақшаның түсуiн бақылау бөлiмi".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.

Қолданыстағы