Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1999 года № 206

Қаулы · № 1342 · қабылданған 07.09.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-1999-no-206/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1999 года № 206 Қолданыста 07.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1999 года № 206

Қолданыста Қаулы № 1342 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1999 года № 206
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1342
Қабылданған күні
07.09.1999
Көрсетілген редакция
07.09.1999 AI4021_0.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990001342_
ЭКБ идентификаторы
4021
Редакция идентификаторы
AI4021_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:56
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 P990206_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi комитет", "Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі комитет" және "Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
6-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы бiрыңғай аумақтық органдары болады.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16)-тармақшалармен толықтырылсын:
"14) астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн сақтаудың сапасын бақылауды, сондай-ақ олардың мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;
15) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделейдi және оны село тауар өндiрушiлерiнiң назарына жеткiзедi;
16) агроөнеркәсiптiк кешен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң бюджеттiк несиелер мен үкiметтiк және үкiмет кепiлдiк берген сыртқы заемдарды игеру және қайтару жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асырады және үйлестiредi";
10-тармақта:
5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ауыл шаруашылығы өндiрiсi саласында тiкелей айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi реформалауға және заңдарға сәйкес оларды қаржылық сауықтыруға әдiстемелiк басшылық жасау;"
"8) мал дәрiгерлiгі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсiру, тұқым өсiру саласында, сондай-ақ астықты, оны қайта өңдеу өнiмдерiн сақтаудың сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және олардың мониторингiн жүргiзу";
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделеу және оны село тауар өндiрушiлерiнің назарына жеткiзу;
10) аргоөнеркәсiптiк кешендегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджеттiк несиелер мен үкiметтiк және үкiмет кепiлдiк берген сыртқы заемдарды игеруi және қайтаруы жөнiндегi қызметiн бақылау және үйлестiру";
18-тармақта:
1) және 2) тармақшалар "және аумақтық органдары басшыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және аумақтық органдардың басшыларына" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Министрлiк пен оның аумақтық органдарының құрылымын, орталық
аппараттың штат кестесiн, Министрлiктiң заңды тұлғалар болып табылмайтын
құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi";
19-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.