О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2000 года N 1341
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2000 года N 1341
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1385
- Қабылданған күні
- 12.09.2000
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2000 AI6920_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000001385_
- ЭКБ идентификаторы
- 6920
- Редакция идентификаторы
- AI6920_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:17
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2000 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 1341 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-шi тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 және 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулыларына сәйкес сатып алынған астықты сатудан қайтарып алынған қаражат есебiнен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен 2000 жылғы егiннiң астығынан 42 000 000 (қырық екi миллион) АҚШ доллары сомасына 570 000 (бес жүз жетпiс мың) тоннаға дейiнгi көлемде үшiншi сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түлiк бидайын франко- элеватор шартымен бiрiншi кезекте салық патентi негiзiнде салық төлеудi жүзеге асыратын тұлғалардан, қосылған құн салығын қоса және олар өзi өндiрген астықты сатуы кезiнде бірыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалардан, қосымша құн салығын қоспағанда, есептемеге алынған 1 тонна салмақ үшiн 70 (жетпiс) және 75 (жетпiс бес) АҚШ долларына баламалы баға бойынша мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлсiн.";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2000 жылғы егiннiң астығын
мемлекеттiк сатып алу, оны сақтау және сату тәртiбi туралы ережеде:
5 және 6-тармақтардағы "ҚҚС-ны қоса алғанда" деген сөздер "ҚҚС-ны
қоса алғанда, салық патентi негiзiнде салық төлеушiлер болып табылатын
тұлғалар үшiн және ҚҚС-ны қоспағанда - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер
болып табылатын тұлғалар үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.