О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 5 января 2000 года № 1 "Об утверждении Правил "Об аккредитации журналистов средств массовой информации и информационных агентств при государственных органах или иных организациях", зарегистрированный за № 1037
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 5 января 2000 года № 1 "Об утверждении Правил "Об аккредитации журналистов средств массовой информации и информационных агентств при государственных органах или иных организациях", зарегистрированный за № 1037
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының № 1037 болып тіркелген 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы" Ережені бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 13.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2013 AI22722_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003397_
- ЭКБ идентификаторы
- 22722
- Редакция идентификаторы
- AI22722_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:24
0
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының № 1037 болып тіркелген 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы" Ережені бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әpі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы" Ережені бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1037 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақта "Бұқаралық ақпарат құралдары Департаментінің директоры Ж.С.Омаровқа" деген сөздер "Ақпарат және мұрағат Комитетінің төрағасы С.Т.Тауекелге" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіpкey туралы ережесінде:
преамбуласында:
"(1999 жылғы 27 шілде, № 451-1 ҚРЗ) талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 cәyіpдегі № 499 қаулысы) ережесінің" деген сөздер алынып тасталсын;
"Жалпы ережелер" деген 1-тарау мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Субъектілерінің құқықтары мен міндеттері адалдық, парасаттық пен әділеттік (құқық ұқсастығы), сондай-ақ кәсіби және іскерлік этика ережесін сақтау талаптарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.";
11-тармақта:
eкінші абзацта "қазақ" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Тіркелген журналистің құқықтары мен міндеттері" деген 3-тарау алынып тасталсын.