О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 августа 2002 года № 917 "Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 августа 2002 года № 917 "Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 24.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.11.2022 60350_611063.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1100000141
- ЭКБ идентификаторы
- 60350
- Редакция идентификаторы
- 60350_611063
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:44
0 "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат; 2005 ж., № 20, 236-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 43, 385-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:
8-тармақта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мемлекеттік органдардан және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларынан бекітілген жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты өзі белгілеген мерзімде алады;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының тиісті мамандарын (олармен келісе отырып), сондай-ақ республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;»:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;»;
мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
«23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырады және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекітеді;
23-3) Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
23-4) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін әзірлейді және бекітеді;»;
21-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21-4. Есеп комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсанына кемінде бір рет Есеп комитетінің жұмысы туралы есеп, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы жинақталған ақпарат береді.».