Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 марта 2003 года № 04 "Об образовании Координационного совета по проблемам экологии Восточно-Казахстанской области", регистрационный номер 1166

Қаулы · № 390 · қабылданған 23.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2003-no-04-1166/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 марта 2003 года № 04 "Об образовании Координационного совета по проблемам экологии Восточно-Казахстанской области", регистрационный номер 1166 Күшін жойған Қаулы ·№ 390 ·23.03.2004
08.06.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 марта 2003 года № 04 "Об образовании Координационного совета по проблемам экологии Восточно-Казахстанской области", регистрационный номер 1166

Күшін жойған Қаулы ·№ 390 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 марта 2003 года № 04 "Об образовании Координационного совета по проблемам экологии Восточно-Казахстанской области", регистрационный номер 1166
Атауы (қаз.)
"Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 5-наурыздағы № 04, тіркеу нөмірі 1166 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
390
Қабылданған күні
23.03.2004
Көрсетілген редакция
08.06.2009 AI19490_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04V0001737
ЭКБ идентификаторы
19490
Редакция идентификаторы
AI19490_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:19

0 "Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 5-наурыздағы № 04, тіркеу нөмірі 1166 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстың қоршаған ортаны қорғау және халықтар денсаулығы мәселелерімен айналысатын, ұйымдар мен мекемелер қызметін әрекеттестіру және үйлестіруді күшейту мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 5-наурыздағы № 04 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Үйлестіру кеңесі туралы ереже жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д. М. Селихановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

4 Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
2004 жылғы 23 наурыздағы № 390
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының жанындағы халықтар денсаулығына сыртқы орта ластануының келеңсіз әсерінің зардабын төмендету және қоршаған ортаны сауықтыру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған, облыстың мекемелері, ұйымдары қызметін үйлестіру және әрекеттестіруді ұйымдастыру мақсатымен құрылған, ведомствоаралық кеңестік-мәслихаттық орган болып табылады.

2 2. Үйлестіру кеңесін Төраға басқарады - облыс әкімінің орынбасары.

3 3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4 4. Кеңес шешімдері ұсыныс сипатында болады.

2 2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері

5 5. Облыс аумағындағы қоршаған орта және халықтар денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі мекемелер мен ұйымдар қызметін үйлестіреді.

6 6. Облыс аумағындағы қоршаған орта және халықтар денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем мөлшерлемесі жөніндегі, сондай-ақ өкілетті және атқарушы органдары актілерін іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.

3 3. Үйлестіру кеңесінің қызметтері

7 7. Техногендік және антропогендік қызметтің халықтар денсаулығына әсерін зерделеу жөніндегі облыстық кешенді бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастырады.

8 8. Қоршаған орта және халықтар денсаулығы ластануының кешенді экологиялық мониторингі жүйелерін, табиғат қорғау бағдарламалары мен іс-шараларға инвестициялар мониторингін енгізу мен әзірлеуді ұйымдастырады.

9 9. Қоршаған орта және халықтар денсаулығын қорғау жөніндегі міндеттерді шешу бойынша ұсыныстар және кепілдеме жасайды.

10 10. Қоршаған орта және халықтар денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен ынтымақтасады.

4 4. Үйлестіру кеңесінің құқықтары

11 11. Өз құзыретінің шегінде кепілдеме сипатындағы шешімдер қабылдайды.

12 12. Қоршаған орта және халықтар денсаулығын қорғау мәселелері жөнінде шешім талап ететін ұсыныстарды Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының және мәслихаттың қарастыруына енгізеді.

13 13. Қоршаған орта және халықтар денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі ақпаратты кәсіпорындардан, ұйымдар мен мемлекеттік органдардан сұрайды және алады.

5 5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

14 14. Үйлестіру кеңесінің қызметін оның төрағасы басқарады.

15

15. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру үшін оның бір мүшесіне Кеңес хатшысы міндеттерін орындау жүктеледі. Кеңес хатшысы отырыста талқылау үшін құжаттар жобасын дайындайды және Кеңес төрағасымен келіседі; Кеңес отырысын ұйымдастырады; болатын Кеңес отырысына арналған хаттамалар мен материалдарды ресімдейді және Кеңес мүшелеріне таратады.

16 16. Кеңес жекелеген проблемалар мен мәселелерді тереңдетіп игеру және талдау үшін тұрақты немесе уақытша комиссия, жұмыс және сараптау топтарын құрады. Комиссиялар мен жұмыс топтары қызметінің құрамын, өкілеттігі мен тәртібін Кеңес анықтайды.

17 17. Кеңестің жеке құрамы Шығыс Қазақстан облысының мәслихатымен бекітіледі. Кеңес отырысы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі

18 18. Кеңес отырысы, егер оның тізімдік құрамының жартысынан кем емесі қатысқанда ғана заңды деп есептеледі.

19 19. Кеңес хатшысы кезекті Кеңес отырысына дейін 10 күн бұрын Кеңес мүшелерін Кеңес отырысының мерзімі мен күн тәртібі жайында хабарлайды.

20 20. Кеңес мүшелері күн тәртібі және кезекті Кеңес отырысы шешімінің жобасы бойынша өз ұсыныстарын енгізуге құқылы. Кеңес мүшелерімен қосымша енгізілген сұрақтар, өтіп жатқан немесе келесі отырыстың күн тәртібіне, Кеңес шешімі бойынша енгізіледі.

21 21. Кеңес отырысында Кеңес мүшелеріне бес күн ішінде таратылатын хаттама жүргізіледі.

22 22. Кеңес Шығыс Қазақстан облысының әкімиятымен құрылады және таратылады.

6 6. Шешімдерді қабылдау тәртібі

23 23. Кеңес шешімдері алқалы қабылданады.

24 24. Шешім ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған қатысып отырған, Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, қабылданған шешім ретінде Кеңес төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

25 25. Кеңес шешімімен келіспеген жағдайда кез-келген Кеңес мүшесі жазбаша түрде баяндалған және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілген ерекше пікірге құқылы.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
аппарат басшысы

Қолданыстағы