О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2003 года № 1237
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2003 года № 1237
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1082
- Қабылданған күні
- 20.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2014 AI54978_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001082
- ЭКБ идентификаторы
- 54978
- Редакция идентификаторы
- AI54978_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:08
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 жарлықтарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесін бекіту және оларды құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 507-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген орталық атқарушы органдар құратын азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Орталық атқарушы органдар құратын азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 қазандағы
№ 1088 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1237 қаулысына
қосымша
Орталық атқарушы органдар құратын азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесі
р/с
№
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің атауы
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жауапты орталық атқарушы органның атауы
1
2
3
1
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
2
Медициналық қызмет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
3
Инженерлік қызмет
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
4
Радиациялық қорғау қызметі
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
5
Энергетика қызметі
6
Химиялық қорғау қызметі
7
Байланыс және хабардар етуді қамтамасыз ету қызметі
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
8
Ақпарат қызметі
9
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
10
Жанар-жағармай материалдары қызметі
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
11
Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
12
Сауда және тамақтандыру қызметі
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
13
Көлік қызметі
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
14
Жолдар мен көпірлер қызметі
15
Техникалық қызмет