О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 5 августа 2003 года № а-8/211 "Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 5 августа 2003 года № а-8/211 "Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества"
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы № а-8/211 "Мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/32
- Қабылданған күні
- 18.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2009 26555_173447.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06B0003178
- ЭКБ идентификаторы
- 26555
- Редакция идентификаторы
- 26555_173447
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:00
0 Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы № а-8/211 "Мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңына сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы N а-8/211 "Мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы"» қаулысына (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қыркүйекте N№1992 бойынша тіркеуден өткен) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Ақмола облысының коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне және мемлекеттік кәсіпорындарына бекітілген мүліктерді есептен шығару нұсқаулығында:
1-тармақта "немесе" сөзі "және" сөзімен ауыстырылсын;
5-тармақта "немесе" сөзі "және" сөзімен ауыстырылсын;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару жүзеге асырылады:
баланстық құны 1000 еселік ең төмен есепті көрсеткіштен артылғанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Ақмола облысының қаржы департаментінің жазбаша рұқсат беруінен кейін (бұдан әрі қарай - Департамент);
100 пайыздық тозуында немесе баланстық құны 1000 еселік ең төмен есепті көрсеткіштен артылмағанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Департаменттің/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің жазбаша рұқсат беруінен кейін";
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Атқарушы орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару Департаменттің келісімімен жүзеге асырылады";
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығару мемлекеттік басқару органының және Департаменттің/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің келісімі бойынша орындалады";
11-тармақта "Басқарма" сөзі "Департамент/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" сөзімен ауыстырылсын.