Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 августа 2004 года № 3-1-1587п "Об установлении водоохранных зон и полос на реках в административных границах города Астаны"

Қаулы · № 205-1914 · қабылданған 06.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2004-no-3-1-1587-ekb-75381/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 августа 2004 года № 3-1-1587п "Об установлении водоохранных зон и полос на реках в административных границах города Астаны" Күшін жойған Қаулы ·№ 205-1914 ·06.11.2013
20.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 августа 2004 года № 3-1-1587п "Об установлении водоохранных зон и полос на реках в административных границах города Астаны"

Күшін жойған Қаулы ·№ 205-1914 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 августа 2004 года № 3-1-1587п "Об установлении водоохранных зон и полос на реках в административных границах города Астаны"
Атауы (қаз.)
"Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
205-1914
Қабылданған күні
06.11.2013
Көрсетілген редакция
20.10.2023 75381_662121.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13A0000791
ЭКБ идентификаторы
75381
Редакция идентификаторы
75381_662121
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:58

0 "Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 27 тамызда № 345 болып тіркелген, 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 124 (1484) «Вечерняя Астана» және 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 126 (1468) «Астана хабары» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

1-1

«1-1. Қаланың әкімшілік шекаралары шегінде су қорғау жолақтары су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болдырмайтын жағалаулық аймағын (жақтаулар, опырылу, орманбұталы жолақтар) міндетті инженерлік және орман мелиоративтік жайластыру кезінде оларды жобалаудың және құрылысын салудың нақты жағдайларына байланысты белгіленеді.»;

4-тармақ «Алматы» деген сөзден кейін «, Есіл» деген таңбамен және сөзбен толықтырылсын.

2. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның кейіннен Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануы мен орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
«Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
_________________Р. Сүлейменов
2013 жылғы 30 қазан

Қолданыстағы