О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области от 5 апреля 2005 года № 135 "Об утверждении Порядка пожизненного освобождения от уплаты за коммунальные услуги (тепло-, водо- и газоснабжение), электроснабжение, и услуги связи, в части абонентской платы за телефон, участникам и инвалидам Великой Отечественной войны 1941-1945 годов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области от 5 апреля 2005 года № 135 "Об утверждении Порядка пожизненного освобождения от уплаты за коммунальные услуги (тепло-, водо- и газоснабжение), электроснабжение, и услуги связи, в части абонентской платы за телефон, участникам и инвалидам Великой Отечественной войны 1941-1945 годов"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімиятының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 135 "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің телефон үшін абоненттік төлемдер бөлігінде төлем төлеуден өмірбойы босату Тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 249
- Қабылданған күні
- 24.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2011 36015_194876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07T0002501
- ЭКБ идентификаторы
- 36015
- Редакция идентификаторы
- 36015_194876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:54
0
Облыс әкімиятының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 135 "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің телефон үшін абоненттік төлемдер бөлігінде төлем төлеуден өмірбойы босату Тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы
Отан соғысының қатысушылары мен мөгедектеріне және соларға
теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік
қорғау туралы" Заңына және ІІІ шақырылған облыстық маслихаттың X
сессиясының 2005 жылғы 11 ақпандағы N 198-ІІІ "Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар
туралы" шешіміне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 135 "1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту), электр
энергиясымен қамту және байланыс қызметінің телефон үшін абоненттік
төлемдер бөлігінде төлем төлеуден өмірбойы босату тәртібін бекіту
туралы" қаулысына Атырау облысы Әділет департаментінде 2005 жылғы
11 мамырда N 2421 тіркелген 2005 жылғы 9 сәуірдегі N 42 "Атырау"
және 2005 жылғы 31 мамырдағы N 64 "Прикаспийская коммуна"
газеттерінде жарияланған мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілген аталған қаулы мен оның қосымшасы тақырыбы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан
соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, Ауғанстандағы
ұрыс қимылдарының қатысушыларына және хабар-ошарсыз кеткен
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларының отбасыларына
коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту), электр
энергиясымен қамту үшін және телефон үшін абоненттік төлемдер
бөлігінде байланыс қызметіне төлем төлеуден өмірбойы босату
тәртібін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің
жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына және
хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының
қатысушыларының отбасыларына коммуналдық қызметтер (жылу, су және
газбен қамту), электр энергиясымен қамту үшін және телефон үшін
абоненттік төлемдер бөлігінде байланыс қызметіне төлем төлеуден
өмірбойы босату Тәртібі бекітілсін" (бұдан әрі - Тәртіп)
аталған қаулының қосымшасында:
1- тарауда "Жалпы ережелер":
1- тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Осы Тәртіп Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің
жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына және
хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының
қатысушыларының отбасыларына коммуналдық қызметтер (жылу, су және
газбен қамту), электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің
телефон үшін абоненттік төлемдер бөлігінде төлем төлеуден өмірбойы
босату мақсатында әзірленді.";
2-тарауда "Төлемақыдан өмірбойы босату, қаржыландыру және
төлеу тәртібі:
2-тармақтың 2 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"2007 жылдың 1 қазанынан бастап Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан
жауынгерлердің жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының
қатысушыларына және хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс
қимылдарының қатысушыларының отбасыларына пайдаланудағы тұрғын үй
көлеміне қарамастан өмір бойғы жеңілдіктер ай сайын 3158 теңге
сомасында төленеді."
3 тармақтағы "салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН)", деген
сөздерден кейін "жеңілдік алуға құқығын растайтын құжаттың
көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ. Қайненовке жүктелсін.