О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 января 2005 года № 2 "Об утверждении Правил установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 января 2005 года № 2 "Об утверждении Правил установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира"
- Атауы (қаз.)
- "Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 254
- Қабылданған күні
- 22.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2015 AI63569_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000254
- ЭКБ идентификаторы
- 63569
- Редакция идентификаторы
- AI63569_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:00
0 "Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 3-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 254 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу (бұдан әрі – шектеулер мен тыйым салулар) тәртібін айқындайды.
2 2. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау және өсімін молайту мақсатында белгіленеді.
3 3. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау мақсатында олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
4 4. Шектеулер мен тыйым салулар:
1 1) аумақ бойынша: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, өңiраралық, бассейндік деңгейде, жекелеген аумақтық әкiмшiлiк бiрлiктердiң немесе олардың бір бөлiктерiнің шекараларында, сондай-ақ жекелеген аңшылық алқаптарда, су айдындарда және (немесе) учаскелерде;
2 2) мерзiм бойынша: тұрақты (қолданылу мерзiмдерi көрсетiлмей) не белгiлi бiр мерзiмдерге;
3 3) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын аулаудың әдiстерiн, тәсiлдерiн және құралдарын қолдану бойынша;
4 4) жануарлардың жекелеген түрлерiн немесе топтарын, олардың белгiлi бiр популяциясын алу нормаларын шектеу мен өзгерту қажеттiгi туындағанда жануарлардың түрлерi бойынша не жынысы немесе жасы бойынша;
5 5) жануарлар дүниесiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдаланушылар санын шектеу бойынша белгіленеді.
2 2. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу тәртібі
5
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаржы көздердің есебінен әзірленген биологиялық негіздеменің түрінде немесе құрамында тиісті ғылыми ұйымдармен жануарлардың белгілі бір түрлеріне арналған шектеулер мен тыйым салулар бойынша берілген ұсыныстардың түсу қарқынына қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды түзету мәселелерін қарастырады.