О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2005 года № 214
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2005 года № 214
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 391
- Қабылданған күні
- 18.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2008 AI33264_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000391_
- ЭКБ идентификаторы
- 33264
- Редакция идентификаторы
- AI33264_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:38
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген 4-бөлімде:
"Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы 128" деген жолдағы "128" деген сандар "221" деген сандармен ауыстырылсын;
"Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы 179" деген жолдағы "179" деген сандар "195" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы 63" деген жолдағы "63" деген сандар "88" деген сандармен ауыстырылсын;
"Орал обаға қарсы күрес станциясы 301" деген жолдағы "301" деген сандар "316" деген сандармен ауыстырылсын;
"Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы 250" деген жолдағы "250" деген сандар "270" деген сандармен ауыстырылсын;
"Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы 107" деген жолдағы "107" деген сандар "112" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шымкент обаға қарсы күрес станциясы 104" деген жолдағы "104" деген сандар "124" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы 182" деген жолдағы "182" деген сандар "204" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 63" деген жолдағы "63" деген сандар "103" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 55" деген жолдағы "55" деген сандар "92" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген 6-бөлімде:
"Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты, Орал қ., 165" деген жолдағы "165" деген сандар "203" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген 7-бөлімде:
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы 19" деген жолдағы "19" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жидебай-Бөрілі" Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы 74" деген жолдағы "74" деген сандар "82" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы 100" деген жолдағы "100" деген сандар "115" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" деген 11-бөлімде:
"Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1136" деген жолдағы "1136" деген сандар "8560" деген сандармен ауыстырылсын.