О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения"
- Атауы (қаз.)
- "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1201
- Қабылданған күні
- 14.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2015 AI67604_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001201
- ЭКБ идентификаторы
- 67604
- Редакция идентификаторы
- AI67604_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:21
0 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiнде:
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде»;
7-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.