Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 февраля 2007 года № 11 "О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности, а также сроках публикации финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана"

Қаулы · № 36 · қабылданған 27.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2007-no-11/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 февраля 2007 года № 11 "О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности, а также сроках публикации финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" Күшін жойған Қаулы ·№ 36 ·27.04.2009
01.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 февраля 2007 года № 11 "О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности, а также сроках публикации финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана"

Күшін жойған Қаулы ·№ 36 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 февраля 2007 года № 11 "О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности, а также сроках публикации финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы" 2007 жылғы 5 ақпандағы N 11 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
27.04.2009
Көрсетілген редакция
01.07.2011 AI46424_3.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005696_
ЭКБ идентификаторы
46424
Редакция идентификаторы
AI46424_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:14

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы" 2007 жылғы 5 ақпандағы N 11 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты, исламдық банктердің қаржылық есептілігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы" 2007 жылғы 5 ақпандағы N 11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4553 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4907 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы" 2007 жылғы 5 ақпандағы N 11 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 82 қаулысымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен қоса) мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Исламдық банктің қаржылық есептілігі қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жасалатын инвестициялық депозиттердегі өзгерістер жөніндегі есептен тұрады.";
7-тармақта "қосымшасына" деген сөз "2-қосымшасына" деген санмен және сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-қосымшамен толықтырылсын:
" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 5 ақпандағы N 11
қаулысына 1-қосымша
_______________________________________________________________
( исламдық банктің толық атауы )
20___ жылғы "___" ____________ аяқталатын кезеңге
инвестициялық депозиттердегі өзгерістер жөніндегі есебі
( мың Қазақстан теңгесімен )
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар порт­фе­лі
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ин­ве­сти­ци­я­лар
Са­уда қыз­ме­тіне ин­ве­сти­ци­я­лар порт­фе­лі
Бас­қа да ин­ве­сти­ци­я­лар
Жиын­тығы
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Ке­зең ба­сын­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар
Ин­ве­сти­ци­я­лық де­по­зит­тер­ді қа­был­дау
Ин­ве­сти­ци­я­лық де­по­зит­тер­ді алу
Ин­ве­сти­ци­я­лық кі­ріс (зи­ян), оның ішін­де
әділ құ­ны бой­ын­ша қай­та ба­ға­ла­удан
Әкім­ші­лік және өзге де шы­ғы­стар
Банк­ке ко­мис­сия (банк кі­рі­сі)
Ке­зең со­ңын­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар
Бірінші басшы _______________ күні ___________________
Бас бухгалтер _______________ күні ___________________
Орындаушы _______________ күні ___________________
Телефоны _______________
Мөрдің орны";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында "қосымша" деген сөз 2-қосымша" деген санмен және сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі
Төрайым Бахмутова Е.Л.
2009 жылғы 12 мамыр

Қолданыстағы