О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 5 октября 2007 года № 316 «Об ограничении хозяйственной деятельности на территории Тургайского государственного природного заказника»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 5 октября 2007 года № 316 «Об ограничении хозяйственной деятельности на территории Тургайского государственного природного заказника»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 316 «Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында шаруашылық қызметтерді шектеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 27.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2017 110415_167299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17C0005328
- ЭКБ идентификаторы
- 110415
- Редакция идентификаторы
- 110415_167299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:59
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 316 «Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында шаруашылық қызметтерді шектеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 316 «Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында шаруашылық қызметтерді шектеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3228 тіркелген, 2007 жылғы 27 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 65, 122-баптарына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 68, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қорытындысына, Ақтөбе облысының ерекше табиғи кешендерін сақтау, қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».