О внесении изменения в постановление от 5 апреля 2007 года № 75 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов для ведения рыбного хозяйства по Восточно-Казахстанской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление от 5 апреля 2007 года № 75 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов для ведения рыбного хозяйства по Восточно-Казахстанской области"
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 269
- Қабылданған күні
- 18.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2010 AI48839_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09V0002519
- ЭКБ идентификаторы
- 48839
- Редакция идентификаторы
- AI48839_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:01
0 «Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2444 қаулысына, 2007 жылғы 5 мамырдағы № 46-47 (15798) «Дидар», № 66 (18304) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған («Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 513, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2482, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 66-67 (15976) «Дидар», № 76-75 (18509) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған, «Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 288, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2494, 2009 жылғы 07 ақпандағы № 15 (16099) «Дидар», № 16 (18635) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған қаулылармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі:
11.11 11.11-тармақ алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
М. Вагапова
«Зайсан-Ертіс облысаралық балық
шаруашылығы бассейндік инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Қабдығали