«О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 5 июня 2008 года № 109/16-IV «О символах столицы Республики Казахстан – города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 5 июня 2008 года № 109/16-IV «О символах столицы Республики Казахстан – города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының рәміздері туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 382/49-VI
- Қабылданған күні
- 03.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2019 131192_403359.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19A0001227
- ЭКБ идентификаторы
- 131192
- Редакция идентификаторы
- 131192_403359
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:06
0 «Қазақстан Республикасының астанасы –
Астана қаласының рәміздері
туралы» Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының рәміздері туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің атауындағы және бүкіл мәтін бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіндегі «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тараудың 2-тармағындағы «Астана» деген жазуы», «Астана» жазуының» деген сөздер «Nur-Sultan» деген жазуы», «Nur-Sultan» жазуының» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіне 1, 2-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 382/49-VI шешіміне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
елордасы – Нұр-Сұлтан
қаласының
рәміздерін сипаттау және
пайдалану тәртібіне
1-қосымша
2 Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 382/49-VI шешіміне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
елордасы – Нұр-Сұлтан
қаласының
рәміздерін сипаттау және
пайдалану тәртібіне
2-қосымша