Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 5 декабря 2008 года № 422/12 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района по решению местных представительных органов"

Қаулы · № 100/5 · қабылданған 03.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2008-no-42212/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 5 декабря 2008 года № 422/12 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района по решению местных представительных органов" Күшін жойған Қаулы ·№ 100/5 ·03.05.2011
16.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 5 декабря 2008 года № 422/12 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района по решению местных представительных органов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 100/5 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 5 декабря 2008 года № 422/12 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района по решению местных представительных органов"
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 422/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100/5
Қабылданған күні
03.05.2011
Көрсетілген редакция
16.11.2012 59067_200655.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PK000140
ЭКБ идентификаторы
59067
Редакция идентификаторы
59067_200655
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:26

0 Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 422/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 422/12 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-11-101 тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 52 (7704) "Нива" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулықта:
2-тармақта:
4) тармақшада "0,25 АЕК мөлшерінде" деген сөздер "0,5 АЕК мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада "0,5 АЕК мөлшерінде" деген сөздер "1 АЕК мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшада "Нива" газетіне жазылуға" сөздері "Заман тынысы" газетіне жазылуға" сөздерімен ауыстырылсын;
24) тармақшада "2009 жылы 70 АЕК мөлшерінде" деген сөздер "2011 жылдан бастап 75 АЕК мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақта 15), 18), 19), 25), 34), 42), 45), 52) тармақшалар алынып тасталсын;
2 тармақ келесі мазмұндағы 57), 58), 59), 60), 61) тармақшалармен толықтырылсын:
"57) аз қамтамасыз етілген отбасылар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – сандық спутниктік телерадиоарнаға қосу үшін - 22000 біржолғы материалдық көмек мөлшерінде;
58) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылар – балаларын балалар бақшасында ұстауға – 10000 теңге мөлшерінде тоқсан сайын материалдық көмек;
59) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар және Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы шеңберінде Астана қаласына экскурсияға бару үшін – 17 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
60) Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар – 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай – 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
61) өрт, апат және техногендік құбылыс салдарынан зиян шеккен, кірісі күнкөріс минимумынан аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы тұлғалар үшін – құрылыс материалдарын алу үшін – 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
3-тармақтың 1) тармақшасында "56" санынан кейін "57), 58) 59), 60), 61) сандарымен толықтырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасында "56" санынан кейін "57), 58) 59), 60), 61) сандарымен толықтырылсын;
5 тармақ келесі мазмұндағы 33), 34), 35), 36), 37) тармақшалармен толықтырылсын:
"33) 57) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – аз қамтамасыз етілген отбасыларға – табысын ескере отырып ауылдық округтердің тізіміне сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар және Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар үшін – табысын ескерусіз зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес;
34) 58) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқылы жеке тұлғаның өтініші, жеке басы куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округ және ауыл әкімі аппаратының комиссиялары өткізген өтініш иесінің тұрғын үй–тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, күнкөріс минимумынан аспайтын кірісін ескере отырып;
35) 59) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - табысын ескерусіз зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес;
36) 60) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – табысын ескерусіз зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес;
37) 61) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқылы жеке тұлғаның өтініші, жеке басы куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округ және ауыл әкімі аппаратының комиссиялары өткізген өтініш иесінің тұрғын үй–тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, күнкөріс минимумынан аспайтын кірісін ескере отырып;
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақта "56" санынан кейін "57), 58), 59), 60), 61)" сандарымен толықтырылсын.

2 2. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2011 жылға арналған аудандық бюджет шеңберінде жүзеге асырылады.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарда пайда болған құқықтық қатынастарға пайданалады.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Әбиевке жүктелсін.

Қолданыстағы