Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 189 "Об утверяедении Правил осуществления деятельности организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, и накопительных пенсионных фондов"

Қаулы · № 35 · қабылданған 13.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2009-no-189-ekb-64589/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 189 "Об утверяедении Правил осуществления деятельности организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, и накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған Қаулы ·№ 35 ·13.02.2012
22.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 189 "Об утверяедении Правил осуществления деятельности организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, и накопительных пенсионных фондов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 35 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 189 "Об утверяедении Правил осуществления деятельности организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, и накопительных пенсионных фондов"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35
Қабылданған күні
13.02.2012
Көрсетілген редакция
22.10.2014 AI64589_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007521
ЭКБ идентификаторы
64589
Редакция идентификаторы
AI64589_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:05

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру
ережесінде:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгілеу - почталық, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;
2) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі бекіткен меншікті активтерді хеджирлеу мен әртараптандырудың талаптарын айқындайтын құжат;
3) қарсы әріптес - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
5) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
6) хеджирлеу құралдары - хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, осы Ереженің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген туынды қаржы құралдары;
7) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздар.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қордың акциялары қор биржасы ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы), екінші (ең жоғарғы) немесе үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санатына енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қор меншікті активтерінің есебінен мынадай мүлікті:
1) осы Ереженің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында айқындалған, зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде көрсетілген мүлікті;
2) Қордың өз мұқтажы үшін және Қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті орындауы үшін пайдаланылатын мүлікті;
3) акцияларды және Қордың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
4) акцияларды және бір немесе бірнеше Қор өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерін қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ортақ міндеттерді шешу үшін құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алады немесе сатады. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін құрылған қауымдастықтарға және (немесе) одақтарға Қордың меншікті активтері есебінен мүше жарналарын төлеуге жол беріледі.»;
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1 Ұйым (Қор) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін, параметрлері қор биржасы акциялары нарығы индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алмайды.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесінде Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ережеде, пруденциалдық нормативтерде, инвестициялық декларацияда немесе Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін басқару жөніндегі саясатта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Ұйым (Қор) осындай сәйкессіздікпен байланысты инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауы, олардың орындалуына жауапты Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлері және орындалу мерзімдері көрсетілген сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда Ұйым (Қор) оны іске асыруға кіріседі және іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралардың орындалу мерзімдері өткен соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді ұсынады. Іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда, Ұйым (Қор) уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.»;
3-қосымшаның «Ұйым (Қор) инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке Қордың орташа инвестициялық портфеліндегі зейнетақы активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:» деген 1-тармағының реттік нөмірі 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
«Standard & Poor's» агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВ-»-тен тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се «Standard & Poor's» ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша «kzВВ»-дан тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры;
қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, № 77 қа­улы­да көз­дел­ген «ак­ци­я­лар» сек­то­ры­ның бі­рін­ші (ең жо­ғар­ғы) са­на­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ак­ци­я­лар;
қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, № 77 қа­улы­да көз­дел­ген «ак­ци­я­лар» сек­то­ры­ның екін­ші (ең жо­ғар­ғы) са­на­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ак­ци­я­лар;
«Standard & Poor's» агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «В-»-тен тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се «Standard & Poor's» ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша «kzВ»-дан тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, № 77 қа­улы­да көз­дел­ген «рей­тин­ті­лік ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» са­на­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, № 77 қа­улы­да көз­дел­ген «рей­тин­гі­лік ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» са­на­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның ин­фра­құ­ры­лым­дық об­ли­га­ци­я­ла­ры;
бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, № 77 қа­улы­да көз­дел­ген «ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры» сек­то­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін пай­ла­ры;
эми­тент­тің мін­дет­те­ме­ле­рін қай­та құ­ры­лым­дау шең­бе­рін­де осы
эми­тент­тің бұ­рын шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­на не өзге
мін­дет­те­ме­ле­ріне ай­ыр­ба­стау мақ­са­тын­да шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы
қа­ға­з­дар
».

2 2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және жинақтаушы зейнетақы қорлары осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін үш ай ішінде меншікті активтерді инвестициялау тәртібін айқындайтын өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы