О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-10п "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-10п "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году"
- Атауы (қаз.)
- "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-513п
- Қабылданған күні
- 25.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2010 AI46279_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000580_
- ЭКБ идентификаторы
- 46279
- Редакция идентификаторы
- AI46279_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:02
0 "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармақшасына , "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысының 1.5. тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда N 558 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы N 30 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 37 нөмірінде жарияланған, "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 23-291қ қаулысыменөзгеріс енгізілген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 сәуірде N 568 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 51 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 48 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағымынадай мазмұндағы 11)-16) тармақшалармен толықтырылсын:
11 "11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
14 14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15 15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
16 16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар.";
7-тармақтағы "2008" деген сандар "2009" деген сандармен ауыстырылсын.
2 2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов