Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-11п "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2009 году"

Қаулы · № 23-560п · қабылданған 15.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2009-no-23-11-2009-ekb-46829/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-11п "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2009 году" Күшін жойған Қаулы ·№ 23-560п ·15.06.2009
15.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-11п "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2009 году"

Күшін жойған Қаулы ·№ 23-560п · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-11п "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2009 году"
Атауы (қаз.)
"2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23-560п
Қабылданған күні
15.06.2009
Көрсетілген редакция
15.01.2010 AI46829_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09A000586_
ЭКБ идентификаторы
46829
Редакция идентификаторы
AI46829_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:56

0 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда N 557 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы N 30 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 37 нөмірінде жарияланған; "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 23-290қ қаулысымен өзгеріс енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 сәуірде N 567 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 44 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 48 нөмірінде жарияланған; "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі N 23-349қ қаулысыменөзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 7 мамырда N 575 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 51 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 56-57 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімінде:
5-бағананың 2-жолындағы "Қоғамдық компанияларды ұйымдастыруға және өткізуге, мүгедектер және басқалармен жұмыстарға қатысуға көмек" деген сөздер "Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, мүгедектермен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бағананың 6-9-жолдары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, халықпен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар. Әртүрлі құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету.";
5-бағананың 29-92, 95-107, 118-136-жолдары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына қала аумағын жинастыруға көмек көрсету, тұрғын үйді жөндеу мен қайта жаңартуға қатысу, өңірді экологиялық салауаттандыру (көгалдандыру және абаттандыру) және басқа жұмыстар.";
5-бағананың 94-жолындағы "Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру және өткізуге, мүгедек балалармен және басқалармен жұмыстарға қатысуға көмек" деген сөздер "Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, мүгедек балалармен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы N 138-148 жолдармен толықтырылсын:
Р/с
N
Кә­сі­по­рын­дар­дың, ұй­ым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс түр­ле­рі
138.
"Аста­на қа­ла­сы әкі­мі­нің ап­па­ра­ты" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Қо­ғам­дық на­у­қан­дар­ды ұй­ым­да­сты­ру мен өт­кізу­ге кө­мек көр­се­ту, ха­лық­пен жұ­мыстар­ға қа­ты­су және бас­қа жұ­мыстар. Әр­түр­лі құ­жат­тар­ды өң­деу жө­нін­де­гі тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге кө­мек көр­се­ту.
139.
"Аста­на қа­ла­сы­ның Сәу­лет және қа­ла құ­ры­лы­сы бас­қар­ма­сы" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
140.
"Аста­на қа­ла­сы­ның Кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
141.
"Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Со­ты жа­нын­да­ғы Сот әкім­ші­лі­гі жө­нін­де­гі ко­ми­те­ті­нің Аста­на қа­ла­сы­ның Сот­тар әкім­ші­сі" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
142.
"Аста­на қа­ла­сы­ның Іш­кі са­я­сат бас­қар­ма­сы" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
143.
"Файн Отель Ту­ризм Иш­те­меджи­лик" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның фи­ли­а­лы
144.
"Оңал­ту тех­но­ло­ги­я­ла­ры мен тұ­жы­рым­да­ма­ла­ры­ның" қо­ғам­дық қо­ры
Фут­бол ала­ңын ашу мен абат­тан­ды­ру­ға кө­мек көр­се­ту.
145.
"Ұлт­тық ғы­лы­ми ме­ди­ци­на­лық ор­та­лы­ғы" рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге кө­мек.
146.
"Аста­на қа­ла­сы­ның Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы дис­пан­се­рі" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
147.
"Газ-қыз­мет" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Газ­голь­дер­лер ау­ма­ғын та­зар­ту мен абат­тан­ды­ру­ға кө­мек көр­се­ту.
148.
"Эдем-Па­лас Сер­вис Плюс" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық ұй­ым­да­ры­на қа­ла ау­ма­ғын жи­на­сты­ру­ға кө­мек көр­се­ту, тұр­ғын үй­ді жөн­деу мен қай­та жа­ңар­ту­ға қа­ты­су, өңір­ді эко­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­тан­ды­ру (кө­гал­дан­ды­ру және абат­тан­ды­ру) және бас­қа жұ­мыстар.

2 2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М.Жақсылықовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім                                          И. Тасмағамбетов

Қолданыстағы