О внесении дополнения в постановление акимата района от 5 августа 2009 года № 295 "Об утверждении нормы потребления тепловой энергии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата района от 5 августа 2009 года № 295 "Об утверждении нормы потребления тепловой энергии"
- Атауы (қаз.)
- "Жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 тамыздағы № 295 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 518
- Қабылданған күні
- 28.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2013 50242_195105.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SK000163
- ЭКБ идентификаторы
- 50242
- Редакция идентификаторы
- 50242_195105
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:29
0 "Жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 тамыздағы № 295 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес және жылу энергиясын тұтыну нормасын анықтау үшін ұсынылған есептеулер негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы» Тайынша ауданы әкімдігінің 2009 жыл 5 тамыздағы № 295 қаулысына (мемлекеттік тіркеу реестрінде 2009 жыл 4 қыркүйекте № 13-11-154 тіркелді, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Тайынша таңы» газетінде, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Тайыншинские вести» газетінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулы 2 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын: «Теплоком-норд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын Тайынша қаласының тұрғын үйлер үшін жалпы алаңының бір шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну мөлшері айына, жылыту мезгіліне 0,0388 гекоколори/м2 көлемінде бекітілсін».