О внесении изменений в постановление акимата района от 5 мая 2009 года № 98 "Об организации призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 5 мая 2009 года № 98 "Об организации призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года"
- Атауы (қаз.)
- "2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдан № 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 15.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2011 48026_201256.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SN000085
- ЭКБ идентификаторы
- 48026
- Редакция идентификаторы
- 48026_201256
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:24
0 "2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдан № 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздан № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдан № 98 қаулысына (2009 жылы 29 мамырда № 22 "Новатор", 2009 жылғы 29 мамырдан № 21 "Парыз" газеттерінде жарияланған, Шал ақын ауданының әділет басқармасында 2009 жылдың 15 мамырдан № 13-14-75 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі Біріккен бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Мұратбеков Рамазан Рашидұлы, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Әбдімәлік Бауыржан Әбдімәлікұлы, ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ескендіров Мұрат Қадырұлы шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін;
шақыру комиссиясының құрамынан Чепухин Сергей Иванович, Хинизов Сабыр Махаммадұлы, Есенғожин Әлібек Сәлімұлы шығарылсын.
2 2. Осы қаулының көшірмесі қосымшаға сай жаңа басылымда жариялансын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған кезден бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін іске енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Орталық аудандық
аурухананың бас дәрігері
С.М. Хинизов
Шал ақын ауданының
қаржы бөлiмiнiң бастығы
Л.М. Мұқамеджанова
Шал ақын ауданының қорғаныс істері
бойынша Біріккен бөлімінің бастығы
С.И. Чепухин
Шал ақын ауданының
аудандық емханасының бас дәрігері
А.Н. Шоқыбаева
5 Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 188
қаулысымен бекітілді
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 5 мамырдан № 98
қаулысымен бекітілді
Шақыру комиссиясының құрамы
Мұратбеков - комиссияның төрағасы,
Рамазан Рашитұлы Шал ақын ауданының Қорғаныс істері
бойынша біріккен бөлімінің бастығы;
Кузичева - комиссия төрағасының орынбасары,
Елена Петровна аудан әкiмiнiң орынбасары.
Комиссия мүшесі:
Ескендіров - Шал ақын ауданының ішкі істер
Мұрат Қадырұлы бөлімі бастығының орынбасары
(келісім бойынша);
Әбдімәлік - медициналық комиссияның төрағасы,
Бауыржан Әбдімәлікұлы орталық аудандық аурухананың бас
дәрігері;
Шекенова - комиссия хатшысы.
Балдырған Шәпешқызы