Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры Республики Казахстан от 5 октября 2010 года № 109 "Об утверждении Правил признания фильма национальным"

Бұйрық · № 228 · қабылданған 25.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2010-no-109-ekb-75131/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры Республики Казахстан от 5 октября 2010 года № 109 "Об утверждении Правил признания фильма национальным" Күшін жойған Бұйрық ·№ 228 ·25.09.2013
10.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры Республики Казахстан от 5 октября 2010 года № 109 "Об утверждении Правил признания фильма национальным"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 228 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры Республики Казахстан от 5 октября 2010 года № 109 "Об утверждении Правил признания фильма национальным"
Атауы (қаз.)
"Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
228
Қабылданған күні
25.09.2013
Көрсетілген редакция
10.04.2019 75131_399222.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008847
ЭКБ идентификаторы
75131
Редакция идентификаторы
75131_399222
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:14

0 "Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Фильмді ұлттық деп тану ережеcін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң міндеттін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6613 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Фильмді ұлттық деп тану қағидасын бекіту туралы»;
кіріспе мынaдай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану қағидасы бекітілсін.»
осы бұйрықпен бекітілген Фильмді ұлттық деп тану ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Фильмді ұлттық деп тану қағидасы»;
1-тармақ мынaдай редакцияда жазылсын:
«1. Осы фильмді ұлттық деп тану Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында фильмді ұлттық деп тану тәртібін айқындайды.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынaдай редакцияда жазылсын:
«4. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш иесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне (бұдан әрі – Комитет) келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырады:»;
1) тармақшаның он төртінші абзацы мынaдай редакцияда жазылсын:
«өтініш берушінің деректемелері (заңды мекен-жайы, заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру номері, жеке тұлға, жеке кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру номері);»;
4) тармақша мынaдай редакцияда жазылсын:
«4) продюсердің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* немесе анықтаманың және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке басын куәландыратын жеке тұлға - продюсердің жеке басын куәландыратын көшірмесі.
Ескерту: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
8-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш беруші осы Қағиданың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды табыс етсе;»;
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Фильмді ұлттық деп танудан бас тарту жазбаша түрде бас тартудың дәйекті себебін көрсетумен осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы