Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Статут Суда Евразийского экономического сообщества от 5 июля 2010 года

Заң · № 16-V · қабылданған 31.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2010/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Статут Суда Евразийского экономического сообщества от 5 июля 2010 года Қолданыста Заң ·№ 16-V ·31.05.2012
24.12.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Статут Суда Евразийского экономического сообщества от 5 июля 2010 года

Қолданыста Заң ·№ 16-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Статут Суда Евразийского экономического сообщества от 5 июля 2010 года
Атауы (қаз.)
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16-V
Қабылданған күні
31.05.2012
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI65791_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1200000016
ЭКБ идентификаторы
65791
Редакция идентификаторы
AI65791_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:08

0 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 10 қазанда Бішкекте жасалған 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМ
2011 жылғы 10 қазан            № 561            Бішкек қ.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама туралы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (мемлекеттер басшылары деңгейінде) шешті:

1 1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама (қоса беріледі) қабылдансын.

2 ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің мүшелері:

2. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауды 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқтасын.
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің мүшелері:
Беларусь            Қазақстан           Қырғыз
      Республикасы        Республикасы        Республикасы
      үшін                үшін                үшін
Ресей               Тәжікстан
      Федерациясы         Республикасы
      үшін                үшін
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер
халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты статутының 29-бабын басшылыққа ала отырып;
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттан туындайтын халықаралық міндеттемелерді ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына (бұдан әрі - Статут) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1. Статуттың 14-бабы 2-тармағының в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«в) шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініші бойынша қарайды».

2 2. Статуттың 14-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шаруашылық жүргізуші субъектілер Сотқа 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартқа сәйкес жүгінеді».

3 3. Статуттың 24-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

24

1 1. Осы Статуттың 14-бабы 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген субъектілердің өтініштерін қарау үшін Сот Регламентте белгіленген тәртіппен құрамына Кеден одағына мүше мемлекеттер Сотының барлық судьялары кіретін Сот Алқасын құрады.

Сот Алқасының шешімі Соттың шешімі болып табылады.

2

2. Статуттың 14-бабы 2-тармағының в) тармақшасында көзделген субъектілердің өтініштері бойынша Кеден одағы шеңберінде істерді қарау және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ өзге де, оның ішінде Сот шешімдерін шығаруға және орындауға байланысты мәселелер 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартпен реттеледі.

3 3. Сот осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініштер бойынша істерді қарау шеңберінде Регламентке сәйкес ерекше жағдайларда Сот орналасқан жерден басқа жерде бір немесе бірнеше көшпелі отырыс өткізуі мүмкін».

4 4. Статуттың 25-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4. Сот өтініш бойынша шешімді Сот өтінішті алған күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде шығарады».

5 5. Статуттың 30-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Статут қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий үшінші ратификациялық грамотаны алған күннен бастап күшіне енеді. Осы Статут оны кешірек ратификациялаған Тараптар үшін депозитарий ратификациялық грамоталарды алған күннен бастап күшіне енеді».

2 2-бап

1 1. Осы Хаттама ратификациялауға жатады және депозитарий үшінші ратификациялық грамотаны алған күннен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама оны кешірек ратификациялаған Тараптар үшін депозитарий ратификациялық грамоталарды алған күннен бастап күшіне енеді.

2 2. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркелуі тиіс.

2011 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь            Қазақстан           Қырғыз
      Республикасы        Республикасы        Республикасы
      үшін                үшін                үшін
Ресей               Тәжікстан
      Федерациясы         Республикасы
      үшін                үшін
Осымен бұл мәтін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің 2011 жылы 10 қазандағы № 561 шешімімен (мемлекет басшылары деңгейінде) қабылданған 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама түпнұсқасының толық теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.
Барлығы тігілген, қол қойылып,
мөрмен бекітілген 4 парақ
ЕурАзЭҚ ИК Хатшылығы
Құқықтық департаментінің
басшысы
B.C. Князев
10.10.2011 ж.
Осымен бұл мәтіннің 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы 2011 жылғы 10 қазандағы техникалық сипаттағы түзетулер енгізілген хаттаманың теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.
Барлығы тігілген, қол қойылып,
мөрмен бекітілген 3 парақ
ЕурАзЭҚ ИК Хатшылығы
Құқықтық департаментінің
басшысы
B.C. Князев
28.11.2011 ж.
Хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге теңтұпнұсқалы болып табылады.
Мемлекеттік тілді
дамыту және аударма
басқармасының бастығы
А. Төлеуханова

Қолданыстағы