О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Жанааркинского района от 5 июля 2011 года № 172 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на предприятиях и организациях Жанааркинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Жанааркинского района от 5 июля 2011 года № 172 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на предприятиях и организациях Жанааркинского района"
- Атауы (қаз.)
- "Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 172 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43/01
- Қабылданған күні
- 01.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2016 68170_289823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KL001952
- ЭКБ идентификаторы
- 68170
- Редакция идентификаторы
- 68170_289823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:14
0
"Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 172 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі "Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" №542 қаулысына сәйкес, пробация қызметі бойынша қылмыстық атқару инспекциясы есебіне тіркелген, шартты түрде сотталған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 172 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде 8-12-109 нөмірімен тіркелді, 2011 жылғы 13 тамызында № 34 (9459) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы:
", бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға" сөзінен кейін ", қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталғандарға" сөзімен толықтырылсын;
қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін және бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталғандарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".