Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 25-02-01/451 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей работников природоохранных организаций Республики Казахстан"

Бұйрық · № № 18-06/193 · қабылданған 04.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2011-no-25-02-01451/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 25-02-01/451 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей работников природоохранных организаций Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ № 18-06/193 ·04.03.2015
14.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 25-02-01/451 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей работников природоохранных организаций Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ № 18-06/193 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 25-02-01/451 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей работников природоохранных организаций Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
№ 18-06/193
Қабылданған күні
04.03.2015
Көрсетілген редакция
14.03.2017 88668_176949.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010697
ЭКБ идентификаторы
88668
Редакция идентификаторы
88668_176949
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:15

0 «Қазақстан Республикасы табиғат

қорғау ұйымдары қызметкерлері
лауазымдарының үлгілік білктілік
сипаттамаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7196 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 138-142 (27215) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
1-бөлімнің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы, аграрлық техника және технология), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.»;
2- бөлімнің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (есеп және аудит, экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.»;
3- бөлімнің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.»;
4- бөлімнің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (есеп және аудит, экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақcтан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
__________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы «18» наурыз

Қолданыстағы