О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 915 "Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава судов и Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 915 "Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях по дипломированию и аттестации лиц командного состава судов и Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 976
- Қабылданған күні
- 16.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI74403_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000976
- ЭКБ идентификаторы
- 74403
- Редакция идентификаторы
- AI74403_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:18
0
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 703-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларында:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) 3,5 х 4,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді және аттестаттауды өткізу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға жіберу үшін тұлға Комиссия төрағасының атына аумақтық бөлімшеге еркін нысанда өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
1) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
2) жұмыс дипломының көшірмесі;
3) кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы қоса беріледі.».