О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 5 марта 2012 года № 05/01 "О мерах по организации социальных рабочих мест в Бухар-Жырауском районе в рамках Программы занятости 2020"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 5 марта 2012 года № 05/01 "О мерах по организации социальных рабочих мест в Бухар-Жырауском районе в рамках Программы занятости 2020"
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13/01
- Қабылданған күні
- 14.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2012 65831_159404.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KK000136
- ЭКБ идентификаторы
- 65831
- Редакция идентификаторы
- 65831_159404
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:15
0 Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-11-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірде N 14 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбындағы "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында" деген сөздер алынып тасталсын;
қаулының 1 тармағы алынып тасталсын;
қаулының 2 тармағында "(бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы)" сөздерден кейін "және "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі)" деген сөздермен толықтырылсын, "Жұмыспен қамту орталығында" деген сөздерден кейін "және Жұмыспен қамту бөлімінде" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 3 тармағында "республика бюджеті" деген сөздер "республика және жергілікті бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 4 тармағында "Жұмыспен қамту орталығы" деген сөздерден кейін ", Жұмыспен қамту бөлімі" деген сөздермен толықтырылсын.