Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 5 апреля 2012 года № 11/01 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на реках Матак, Жарлы, Каркаралинка Карагандинской области»

Қаулы · № 29/02 · қабылданған 23.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2012-no-1101/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 5 апреля 2012 года № 11/01 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на реках Матак, Жарлы, Каркаралинка Карагандинской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 29/02 ·23.04.2021
04.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 5 апреля 2012 года № 11/01 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на реках Матак, Жарлы, Каркаралинка Карагандинской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 29/02 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 5 апреля 2012 года № 11/01 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на реках Матак, Жарлы, Каркаралинка Карагандинской области»
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29/02
Қабылданған күні
23.04.2021
Көрсетілген редакция
04.10.2024 155635_727307.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21K0006326
ЭКБ идентификаторы
155635
Редакция идентификаторы
155635_727307
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:27

0 Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы №87 (21 294) «Орталық Қазақстан» және 2012 жылғы 29 мамырдағы №63 (21 227) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Қарағанды облысының Матақ өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу» және «Алайғыр» БК» Жауапкершілік шектеулі серіктестігі флотоконцентрат қоймасы бар теміржол тұйығының іргелес аумағында құрылысы жоспарланып отырған Матақ өзені арнасының учаскесінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу» жобасын түзету;».

2 2. «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің төрағасы
_______________ А. С. Есмағамбетова
«_____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________М. С. Аккожин
«_____» ______________

Қолданыстағы