О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 5 января 2012 года № 113-7 "Об утверждении Правил передачи имущества коммунальной собственности города Астаны в доверительное управление с правом (без права) последующего выкупа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 5 января 2012 года № 113-7 "Об утверждении Правил передачи имущества коммунальной собственности города Астаны в доверительное управление с правом (без права) последующего выкупа"
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 113-7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113-740
- Қабылданған күні
- 11.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2014 AI66516_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12A0000732
- ЭКБ идентификаторы
- 66516
- Редакция идентификаторы
- AI66516_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:04
0 "Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 113-7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 113-7 қаулысына (2012 жылғы 2 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 712 болып енгізілді, «Вечерняя Астана» газетінің 2012 жылғы 11 ақпандағы № 17 (2782); «Астана ақшамы» газетінің 2012 жылғы 11 ақпандағы № 17 (2778) сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:
18-тармақтың бірінші абзацындағы «18-тармағында» деген сандар мен сөз «17-тармағында» деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын;
23-тармақтағы «19-тармағының» деген сандар мен сөз «18-тармағының» деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын.
2 2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оны ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов