О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 5 июля 2012 года № 1307 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 5 июля 2012 года № 1307 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2670
- Қабылданған күні
- 19.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2013 70446_158047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SA002101
- ЭКБ идентификаторы
- 70446
- Редакция идентификаторы
- 70446_158047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:25
0 "Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 1307 қаулысына (2012 жылғы 9 тамыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-228, 2012 жылғы 24 тамыздағы № 34 (404) «Қызылжар нұры», № 34 (451) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) аталған қаулымен бекітілген «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2) аталған қаулымен бекітілген «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
3) аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
4) аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
5) аталған қаулымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.».