О внесении изменения в постановление акимата Карабалыкского района от 5 июля 2012 года № 372 "О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Карабалыкского района от 5 июля 2012 года № 372 "О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"
- Атауы (қаз.)
- Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 372 "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 02.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2013 72239_215537.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NL004108
- ЭКБ идентификаторы
- 72239
- Редакция идентификаторы
- 72239_215537
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:21
0 Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 372 "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі № 372 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-194 тіркелген, 2012 жылғы 1 тамызда "Что? Где? Когда?" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Қарабалық ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
әкімдіктің "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-82 тіркелген, 2008 жылғы 18 қыркүйекте "Айна" газетінде жарияланған);
әкімдіктің "Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-90 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Айна" газетінде жарияланған).".