О внесении изменения в постановление акимата Егиндыкольского района от 5 июля 2012 года № а-7/201 «Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере одного процента от общей численности рабочих мест»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Егиндыкольского района от 5 июля 2012 года № а-7/201 «Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере одного процента от общей численности рабочих мест»
- Атауы (қаз.)
- Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № а-7/201 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-12/296
- Қабылданған күні
- 11.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2016 86406_87938.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BH004564
- ЭКБ идентификаторы
- 86406
- Редакция идентификаторы
- 86406_87938
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:37
0 Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № а-7/201 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бір
пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 2 тамызда № 1-8-132 тіркелді, 2012 жылғы 6 тамыздағы № 28 «Егіндікөл» аудандық газетінде жарияланды) 2012 жылғы 5 шілдедегі № а-7/201 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».