Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2012 года № 912 "Об утверждении Правил составления плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан"

Қаулы · № 1010 · қабылданған 24.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2012-no-912/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2012 года № 912 "Об утверждении Правил составления плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 1010 ·24.09.2014
03.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2012 года № 912 "Об утверждении Правил составления плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1010 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2012 года № 912 "Об утверждении Правил составления плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1010
Қабылданған күні
24.09.2014
Көрсетілген редакция
03.04.2015 AI83263_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001010
ЭКБ идентификаторы
83263
Редакция идентификаторы
AI83263_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:30

0 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 854-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Беру жоспары мыналарды қамтиды:
«1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі.
19. Сұйытылған мұнай газын өңірлер арасында бөлуді беруші мен газ желісі ұйымдарының географиялық орналасуына байланысты уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында бөлуді беру жоспарының негізінде беруші жүзеге асырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын өңірлер арасында жүзеге асырылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің ______(жылғы) _______ (айы) арналған жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1010 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған мұнай
газын берудің жоспарын жасау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің ______(жылғы) _______ (айы) арналған жоспары
Р/с №
Бе­ру­ші­нің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі
Өңір
Өңір­ге бе­ру­ге ар­нал­ған сұй­ы­ты­л­ған мұ­най га­зы­ның кө­ле­мі, тон­на
Газ же­лі­сі ұй­ым­да­ры­ның ата­у­ла­ры, ор­на­лас­қан же­рі
Әр­бір өңір­ге мар­ка­ла­ры мен пар­ти­я­ла­ры бой­ын­ша бө­лу
Әр пар­ти­я­ның жө­нел­ті­л­ген кү­ні
Жө­нелт­кен ор­ны, жет­кі­зу тә­сі­лі
тех­ни­ка­лық бу­тан
тех­ни­ка­лық про­пан бу­тан
тех­ни­ка­лық про­пан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы