О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2012 года № 918 "Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2012 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2012 года № 918 "Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2012 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам"
- Атауы (қаз.)
- "Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 463
- Қабылданған күні
- 08.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2013 AI72519_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000463
- ЭКБ идентификаторы
- 72519
- Редакция идентификаторы
- AI72519_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:06
0 "Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 858-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі):
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс.»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі):
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс.»;
3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы):
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 82 %-нан кем болмауы тиіс.».