Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств от 5 декабря 2012 года

Жарлық · № 46 · қабылданған 30.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2012/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств от 5 декабря 2012 года Қолданыста Жарлық ·№ 46 ·30.06.2015
30.06.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств от 5 декабря 2012 года

Қолданыста Жарлық ·№ 46 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств от 5 декабря 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
46
Қабылданған күні
30.06.2015
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI99259_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1500000046
ЭКБ идентификаторы
99259
Редакция идентификаторы
AI99259_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:17

0 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 10 қазанда Минскіде жасалған 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 46 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере және өзара іс-қимылды үйлестіруге ұмтыла отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесін қалыптастыру және дамыту қажеттілігін негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі туралы ереженің 5-бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1. 5.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5.1. Кеңестің қызметін ұйымдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді Хатшылық жүзеге асырады.
Кеңестің шешімі бойынша Хатшылықтың функцияларын, оның ішінде тұрақты негізде, осы Келісімге қатысушы мемлекеттің қаржы барлау бөлімшелерінің бірі орындайды. Осы функцияларды қаржы барлау бөлімшесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп орындайды.
Хатшылықтың басшысы Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесінің өкілі, Хатшылық басшысының орынбасары — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады.».

2 2. 5.3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5.3. Хатшылықтың басшысын Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесі басшысының ұсынуы бойынша Кеңес бекітеді.».

2 2-бап

Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы депозитарий үшінші хабарлама алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейін орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2014 жылғы 10 қазанда Минск қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Келісімнің төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Әзербайжан Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін ескертпемен
Беларусь Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Молдова Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Түрікменстан үшін
Өзбекстан Республикасы үшін
Украина үшін
Армения Республикасының
ЕСКЕРТПЕСІ
Армения Республикасы 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың 2-бабына сәйкес осы Хаттама күшіне енгенге дейін өзінің тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарлаған күнінен бастап уақытша қолданады.

Қолданыстағы