О внесении дополнений в решение маслихата от 5 марта 2013 года № 114 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение маслихата от 5 марта 2013 года № 114 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2013 жылғы 5 наурыздағы № 114 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 23.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2013 72341_384822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NF004110
- ЭКБ идентификаторы
- 72341
- Редакция идентификаторы
- 72341_384822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:13
0 Мәслихаттың 2013 жылғы 5 наурыздағы № 114 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 5 наурыздағы № 114 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4076 тіркелген, 2013 жылғы 12 сәуірдегі "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 1-тармағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
келесі мазмұндағы 2-тармағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.".
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ М. Тобағабулов
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ М. Сакетов