Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 5 июня 2013 года № 122 «О Правилах содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области»

Ереже · № 292 · қабылданған 27.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2013-no-122-ekb-88659/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 5 июня 2013 года № 122 «О Правилах содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области» Күшін жойған Ереже ·№ 292 ·27.03.2015
24.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 5 июня 2013 года № 122 «О Правилах содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 292 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 5 июня 2013 года № 122 «О Правилах содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 5 маусымдағы № 122 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
292
Қабылданған күні
27.03.2015
Көрсетілген редакция
24.12.2021 88659_559669.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0004312
ЭКБ идентификаторы
88659
Редакция идентификаторы
88659_559669
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:49

0 «Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 5 маусымдағы № 122 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 408-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 маусымдағы № 122 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3601 тіркелген, 2013 жылғы 11 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы»;
кіріспедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 311-бабына» сөздері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 408-бабына» сөздерімен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Ақтөбе қаласының және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынылсын:
тұрғын үй құрылысын жобалау барысында иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыруды қарастыру, ескерілсін;
ветеринариялық мекемелерде өздерінің иттері мен мысықтарын уақытылы вакцинациялауды және есепке қоюды тұрғындар арасында насихаттау бойынша шаралар қабылдау.
1-2. Пәтерлер иелері кооперативтеріне ұсынылсын:
азаматтарды таныстыру үшін тиісті аумақтарда орналасқан хабарландыру тақталарына, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мекенжайы мен телефондарын орналастыру;
қажет болған жағдайда, иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу және осы мақсаттарға жер учаскелерін бөлу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға тапсырыс беру;
иттерді серуендетуге арналған алаңдардың санитарлық жағдайын ұстауға.»;
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидаларда:
13-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1 Тараумен толықтырылсын:
«5-1 Тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
23-1. Кәсiпорындар мен мекемелердің жанына иелері байлап кеткеннен басқа, қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер, қаңғыбас деп есептеледi және мiндеттi түрде аулауға және жоюға жатады.
23-2. Адамгершілік қағидаттарын және тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отыра, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды «Ветеринария туралы» Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыс наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғаларға рұқсат етіледі.
23-3. Асыл тұқымды, мойнында қарғыбау жетондары бар иттер иелері анықталғанға дейін 3 күн бойы уақытша ұстау оқшаулау орнында асырауда болуы қажет.
23-4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі мамандар «ит аулаушы» деген жазуы бар арнайы киіммен немесе жетондармен қамтамасыз етілуі қажет, сондай-ақ мекеменің рұқсат куәлігімен қамтамасыз етіледі.
23-5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау күндізгі уақытта жүргізіледі.
23-6. Иттер мен мысықтардың өлекселерін кәдеге жарату мал көмінділерінде (биотермиялық шұңқыр) немесе өлекселерді өртеуге арналған пештерде (инсинераторларда) жүзеге асырылады.
24-тармақта «2001 жылғы 30 қаңтардағы» сөздері алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы